Атырау, 25 қараша 01:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір жылдан аса соттасқан екі жазушының дауы Жоғарғы сотқа қарай аяқ басты

1 786 просмотра

Бір жылдан аса соттасқан  қаламгерлер Сәбит Досанов пен Тұрсынәлі Рыскелдиев арасындағы дау Жоғарғы сотқа қарай аяқ басты. "Менің шығармаларыма ұрлық жасады" деп Сәбит Досановты сотқа берген Рыскелдиев аудандық және қалалық соттан да  жеңіліп қалған еді. Алайда, "еңбегімді қорғап қалу үшін соңына дейін күресемін" деген қарт қаламгер,  енді жоғары сотқа шағым түсіріпті.

Қызғаншақтық деген қазақтың ауруы. Біз қызғаншақпыз.

Мүйізі қарағайдай екі жазушының дауына нүкте қойып, істің ақ қарасын анықтау үшін, Жазушылар одағы тарапынан арнайы комиссия да құрылған болатын. Ақыры қалалық сот «Сәбит Досановтың шығармаларында  өзгенін өнімі қолданылмаған» деп, мемлекеттік сыйлықтың иегерін ақтап шыққан. Алайда, «тарихи деректі романдарымдағы  30-ға жуық оқиға желісі ұрланғанын сотта дәлелдеуге тырыстым» деген,  Тұрсынәлі Рыскелдиев істі соңына дейін жеткізуге бел буып отыр.

Дереккөз: 31.kz

27 наурыз 2014, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.