АСТАНА, 27 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жекеменшік тұрғын үйде газ баллоны жарылып, үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан төрт әйел адам және екі бала зардап шекті. Денесін күйік шалған олар ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында саяжай үйінде пештен ақау шығып, газға 1968 жылғы ер азамат пен 1982 жылғы әйел адам, 2003 және 2006 жылғы екі бала уланып, оқиға орнында жан тапсырған. Сондай-ақ, газға уланған 2007 жылғы бала ауруханаға жатқызылды.
Дереккөз: newskaz.kz