АСТАНА, 27 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Парламент Сенатының депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы» Заң жобасын екiнші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің тiлшiсi.
Заң жобасы шеңберiнде көрсеткiштердi арттыру, атап айтқанда, әлеуметтiк сипаттағы төлемдердiң мөлшерiн 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап 12%-ға және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерiн 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап 25%-ға арттыру, сондай-ақ бала асырап алуға байланысты бiржолғы ақшалай төлемдi 75 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде енгiзу арқылы халықты әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк қолдау саласында қолданыстағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру мақсатында заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
«Сiздердiң назарларыңызға ұсынылған «2014-2016 жж арналған республикалық бюджеттi нақтылау туралы» ҚР заң жобасында зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн осы жылдың басынан бастап арттырылғанын қоса есептегенде, базалық зейнетақыны 12%-ға дейiн, еңбек зейнетақыларын 14%-ға арттыру көзделген», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова өз баяндамасында.
Дереккөз: newskaz.kz