Атырау, 25 қараша 00:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Павлодарда "адам саудалаған" екеу сотталды

1 642 просмотра
Павлодар соты адам саудалаумен айналысты деп айыпталған екі адамға үкім шығарды деп хабарлайды бүгін облыстық прокуратура қызметкеріне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Прокуратура өкілінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан әйел мен ер адам Павлодар қаласындағы тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған орталықтан аяғы жоқ мүгедек адамды "қайыршылық кәсіпке салу үшін сатып алды" деп айыпталған.

Сот әйелді қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-тармағы бойынша ("адам саудалау") айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру және жаза мерзімін өтеуді бес жылға кейін қалдыруға үкім шығарған. Ер адам екі жылдық сынақ мерзімімен үш жылға шартты жаза мерзіміне сотталған.
 
Дереккөз: azattyq.org
27 наурыз 2014, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.