Атырау, 25 қараша 01:06
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Минималдық зейнетақы көлемiн арттыру мәселесi қаралуда

1 742 просмотра

2014 жылдың 1 шiлдесiнде Зейнетақы жүйесiн жаңғырту тұжырымдамасы үкiмет комиссиясы қарауына ұсынылады. Бұл туралы бүгiн журналистерге берген сұхбаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 «40 жылға дейiн және одан жоғары еңбек өтiлi бар әрi зейнетақының минималдық көлемiн алатын азаматтарға қатысты мәселелер Зейнетақы жүйесiн жаңғырту тұжырымдамасында қарастырылатын болады. Бұл тұжырымдама бойынша бiз жұмыстың екiншi кезеңіндемiз. Бiрiншi кезеңiнде бiз толығымен жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жаңғырттық, ал екiншi кезеңiнде минималдық зейнетақы көлемiн арттыру мәселесiн қарастырып жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ағымдағы жылдың 1-шi шiлдесiнде бұл тұжырымдаманы үкiмет комиссиясының қарауына шығаруымыз қажет», - дедi Светлана Жақыпова.

Дереккөз: bnews.kz

26 наурыз 2014, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.