Атырау, 25 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мемлекет басшысы: Қазақстан өз тәуелсiздiгiнiң бiр түйiрiн де ешкімге бермейдi

1 428 просмотра

ГААГА. ҚазАқпарат - ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астана мамыр айында Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы негiзгi келiсiмнiң қол қойылуына үлкен үмiт артады. Себебi Еуразиялық кеңiстiктегi ықпалдастық Қазақстан үшiн аса тиiмдi болмақ. 

Бұл туралы ол бүгiн Гаагада ядролық қауiпсiздік саммитiнiң қортындысында қазақстандық тiлшiлермен кездесуi барысында мәлiм еттi. 

Мемлекет Басшысының сөзiне қарағанда, әлемде тек ашық мемлекеттер өркендеудiң даңғыл жолына түсе алады. Ешбiр мемлекет өзгелерден оқшау дами алмайды. Шекарасын қымтап, өздiгiнен дамуға бел буған елдердiң қаншамасы жер картасынан жойылып кеттi.

"Қазақстан жағдайында бұл тiптi ерекше жағдай. Бiз теңiзге шығатын мүмкiндiгi жоқ, құрлықта орналасқан елмiз. Қара теңiзге қазақстандық тауарларды жеткiзу үшiн 2 мыңнан астам шақырымды жүрiп өту қажет. Егер осы екi мыңдық шақырымда бiзге тарифтер, кедендiк салықтар салып, түрлi кедергiлер келтiрсе, Қара теңiзге жеткенше, бiздiң тауар екi есе қымбаттайды. Бiз бәсекеге қабiлеттiлiктi жоғалтамыз. Ал ықпалдастық кедендiк кедергiлердi жоюға бағытталған. Сондықтан бiзде тек қана экономикалық мүдделер бар", - дедi ол.

"Бiздiң тәуелсiздiгiмiзге келетiн болсақ, бұл - константа. Қазақстан ешкiмге де тәуелсiздiгiнiң бiр түйiрiн де бермейдi. Бiрақ экономикалық құзырдың белгiлi бiр бөлiктерi Еуропалық Одақтағыдай ұлтүстiлiк комиссияға берiледi. Онда кеден, сауда, тарифтер, мұнай және газ тасымалы, электроэнергия, темiр жол мен көлiк жолдары Еуропалық комиссияға берiлген. Шешiмдердi бiзбен сайланған ортақ орган қабылдайды. Егер Қазақстан бiр жағдай бойынша келiспейтiн болса, мәселе қабылданбайтын болады", - деп атап өттi ҚР Президентi.

Дереккөз: inform.kz

25 наурыз 2014, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.