Атырау, 25 қараша 00:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарыштап даму үшiн бейбiтшiлiк, келiсiм мен бірлік керек - Н.Назарбаев

2 694 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы және әлемнің өзге аймақтарындағы оқиғалар Қазақстанның түрлi векторлы саясаты мен iшкi тұрақтылығы қазiргi заманда бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтайтын ең басты факторлар екендiгiн көрсетiп отыр. Бұл туралы бүгiн Гаагада өткен ядролық қауiпсiздiк саммиті аясында өткен қазақстандық тiлшiлермен кездесуiнде ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiм еттi. 

Мемлекет басшының айтуынша, Кеңес Одағы құлдырағаннан бергi талай жыл iшiнде Украина басшылығы сыртқы саясаттағы бағыты бойынша әрдайым кiбiртiктеп, айқын бағыт ұстанбады, соның салдарынан ел екiге бөлiндi. Азшылық тараптың өкiлдерi қысымға ұшырады. Экономиканың дамуына өз деңгейiнде көңiл аударылмады. Сонымен қатар, Украина Ресеймен арадағы шекара мәселесiн түбегейлi шешкен жоқ, өз кезегiнде Қазақстан баяғыда-ақ барлық аумағын, Ресеймен, Қытаймен және оңтүстiк көршiлермен арадағы шекараны бекiтiп алған. 

"Украинада барлық азаматтардың тең жағдайда өмiр сүруiне жағдай жасалмады. Қоғамда өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiк болмады. Ондайда билiкте экономика мен адамдардың өмiр сүру сапасын арттыруға қайдан уақыттары болсын?", - дедi.
Оның атап көрсеткенiндей, Қазақстанның көпвекторлы саясаты, Ресеймен, Қытаймен, Еуропалық Одақпен және өзге де елдермен тең қарым-қатынас ұстау, тiлiне, мәдениетiне, дiнiне қарамастан, барлықтарының құқықтарын тең сақтау арқылы iшкi тұрақтылықты сақтау - қазiргi заманда бейбiтшiлiк пен тыныштықты қамтамасыз ететін басты мәселе.

"Осылардың негiзiнде ғана мемлекет дами алады. Бұл бiздiң саясатымыздың дұрыс бағытта екендiгiн көрсетедi. Қарыштап даму үшiн бейбiтшiлiк, келiсiм мен бірлік керек. Бiздiң бірлігіміз осы аталған іргелі принциптердiң негiзiнде құрылған. Осы үшiн бiздi сыйлайды, бiзден бұны қалай жасау керектiгiн үйренуге тырысады. Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен танысқысы келедi. Барлығы бiз бұған қалай қол жеткiзгенiмiздi бiлгiлерi келедi. Бұл қарапайым дүние. Бiз ең бiрiншiден адам баласымыз, содан кейiн ғана ұлтқа, тiлге бөлiнемiз. Бiр-бiрiмiздi сыйлауымыз шарт. Бейбiтшiлiк сонысымен ұсталып тұрмақ. Ынтымақ жоқ жерде залал iштен келедi", - дедi Н. Назарбаев.

Дереккөз: inform.kz

25 наурыз 2014, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.