«Катсхейс» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттенің қатысуымен екіжақты құжаттарға қол қойылды.
ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков пен Нидерландының Өнеркәсіп иелері мен жұмыс берушілер конфередерациясының президенті Бернард Вьенчес қазақстандық-нидерландылық іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.
Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстан мен Нидерланды кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қатынастың орнауына сеп болатыны, сондай-ақ ортақ жобалардың жүзеге асуы мен өзара инвестицияны қорғауға мүмкіндік беретіні анық.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +2