Украиндық СІМ Астананың Қырымдағы жағдайға байланысты ресми ұстанымын білу үшін Қазақстанның Украинадағы елшісін шақыруды ұйғарды.
Бұл туралы украиндық БАҚ хабарлады украиналық СІМ спикері Евгений Перебийнискеге сілтеме жасап, деп жазады Ult.kz.
"Біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемен мұқият таныстық. Қырымда болған жағдайға байланысты Қазақстанның көзқарасы мен нақты ұстанымын білу үшін Украинаның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы елшісін шақыруды ұйғарып отыр", - деді Перебийниске.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырым Автономиялық Республикасындағы референдумына қатысты мәлімдеме жасады.
Онда Қазақстанда Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының өз қалауын еркін білдіруі ретінде қабылдады және қалыптасқан жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды деп көрсетілген.
Сондай-ақ мәлімдемеде Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын және оны БҰҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың қолдауымен келіссөздер арқылы еңсеруін қалаймыз делінген.
Дереккөз: nur.kz