Ержан қажы Маямеров Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибраһиммен кездесуінде дін мамандарының білімі мен біліктілігі туралы ұсыныс-пікірімен бөлісті. Екіжақты кездесуде дін қайраткерлері өзара келісім мен ынтымақтастық туралы келісімшарт құжатына қол қойды. Аталған құжатта отандастарымыз тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алған жағдайда ғана Мысырда діни ілім алуына мүмкіндік берілетіні айқын көрсетілген.
«Әл-Азһар университетіне Қазақстан азаматтары тек ҚМДБ-ның жазбаша келісімі және оны Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің куәландыруы арқылы қабылданады», - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Әл-Азһар университеті арасындағы білім, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы келісім құжатында.
Дереккөз: inform.kz