Атырау, 5 желтоқсан 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматыда граната жарылып, бірінші топтағы мүгедек көз жұмды

1 815 рет қаралды
19 наурыз күні кешке Алматы қаласы «Орбита» шағын ауданында орналасқан тұрғын үй пәтерінің бірінде жарылыс болды. Полиция мәліметтері бойынша, «РГД-5» қол гранатасы жарылды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полиция қызметкерлері кеше «Орбита» шағын ауданындағы үй пәтерелерінің бірінде кешкі сағат 8-де «РГД-5» жүйелі гранатасының жарылғанын анықтады.

Жарылыс кезінде бөлмеде 1986 жылы туған пәтер тұрғыны болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Ер адам тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1 топтағы мүгедек болған. Ол 2002 жылы алған пышақ жарақаттарынан мүгедек болып қалған. Оқиға кезінде пәтерде оның анасы мен туысы болған. Олар зардап шеккен жоқ. Жарылыс салдарынан үй бұзылып, өртенген жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: bnews.kz

20 наурыз 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.