Атырау, 25 қараша 00:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде оффшорларды қолдануға қарсы ауқымды күрес жүргізіледі

1 857 просмотра

АСТАНА, 19 нау - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан отандық кәсіпорындардың оффшорларды қолдануына қарсы жаппай күрес жүргізеді, деп хабарлады Қаржы полициясы ақпараттық-сараптамалық департамент басшысы Олжас Бектенов. 

Оның айтуынша, осы мәселеге қаржы полициясы жаңа жемқорлыққа қарсы стратегиясын жасаған кезде басты назар аударған.

«Қазақстандық компаниялардың өз жұмыстарын жабық түрде жүргізуі алаңдаушылық туғызады. Қазіргі кезде компания бенефициарын анықтаудың өзі мүмкін емес болып барады», - деп атап өтті О.Бектенов.

Оның айтуынша, оффшорлық юрисдикциялар компанияларға заңсыз түрде жиналған, тіпті сыбайлас жемқорлық арқылы келген қаражатты заңдастыруға жол ашады.

Дереккөз: newskaz.kz

 
19 наурыз 2014, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.