Атырау, 25 қараша 00:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көктем жылы және жауын-шашынсыз болады - Қазгидромет

2 862 просмотра
Биылғы жылы көктем жылы болады және жауын-шашын аз түседі деп болжанып отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» РМК директоры Баян Сазанова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Алдағы күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп болжанып отыр. Бірақ бұл қолайсыз метеорологиялық жағдай 23 наурыздан кейін жақсарып, көктем келеді», - деді Б.Сазанова.

Мамандардың болжамынша, наурыз айының соңында күн жылынып, ауа температурасы көтеріледі.

«Сәуірде көптеген өңірлерде ауа температурасы мөлшерден жоғары болады. Ал жауын-шашын мөлшерден көп болмайды деп күтілуде. Мамыр айы да қолайлы болады. Жалпы көктем жылы болып, жауын-шашын аз түседі», - деді Б.Сазанова.

Дереккөз: bnews.kz

19 наурыз 2014, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.