Атырау, 25 қараша 00:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде көлеңкелi экономикамен күрес үшін қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзбесi кеңейтіледі

1 701 просмотра

АСТАНА, 19 нау - Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Құжат ел президентінің тапсырмасын орындауға бағытталған және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың ұсынымдары бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Бұнда Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың ұсынымдары да қаралып отыр.

Құжат аясында көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзбесiн кеңейту қарастырылады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан  қаржылық қызметтер көрсететiн барлық тұлғаларды қаржы мониторингi жүйесiмен қамту қажет. Осыған байланысты, тiзiмге қаржы мониторингiнiң 3 субъектiсi қосылады: бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, микроқаржылық ұйымдар, банк болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерiнiң операторлары.

Бұдан бөлек, заң жобасында қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру мен терроризмдi қаржыландырудың алдын алу жөнiндегi тәсiлдердi жетiлдiру қарастырылған.

Дереккөз: newskaz.kz

19 наурыз 2014, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.