Атырау, 25 қараша 01:02
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан өңделген жүнді Италияға экспорттауды бастады

2 222 просмотра

Қазақстаннан Италияға өңделген жүн өнімдерін экспорттау басталды деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінен.

«72 тоннадағы жалпы көлемнен Жамбыл обысынан алғашқы 18 тонна топс /жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты Аппендық түбегіне жөнелтілді»,-делінген хабарламада.

Аталған өнімді жеткізуге Итальяндық фирмалардың бірімен «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ мәміле жасады, жақын арада шетел әріптестеріне қалған 54 тоннаны жеткізу жоспарлануда. Осы орайда қазақстандық компания 140 тонна топс жеткізуге қосымша келісім-шарт жасауды жоспарлауда және ағымдағы жылы 500 тонна өңделген жүнді экспорттауды шығаруды көзеуде.

«72 тонна көлемінде топс жеткізу бойынша «ҚазАгроӨнім» АҚ мен VICOTEX S.r.l. итальяндық компаниясы арасындағы мәміленің жалпы сомасы 598 мың АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізген ұлттық валютаның девальвациясына байланысты өнімнің тиімділігі 35%-ды құрады. Аталған жағдай өндіруші үшін жағымды жағдай тудырды»,-деп атап көрсетеді ведомство.

«ҚазАгроӨнім» АҚ мен VICOTEX S.r.l. итальяндық компаниясы арасында өткен соңғы кездесудің нәтижесінде екі жақ Еуропа нарығына тазажүнді топсты жүйелі түрде жеткізуді ұйымдастыру негізінде ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату келісіміне жетті.

«Қазақстанда өңдірілген топс, киім тігу бойынша еуропалық алдыңғы қатарлы Benetton, Zara, Gruppo Marzotto, H&M, Fratelli Piacenza S.P.A., Lanerossi, Marchi e fildi S.p.A. компаниялардың ақырғы өнімінде қолданылатын болады»,-деп көрсетілген хабарламада.

Болашақта Кеден Одағы елдерінде жұылған жұқа жүн жеткізуді қайта бастау мүмкіндігі қарастырылуда.

Сөйтіп, өнімді экспортқа шығару отандық өндірушіге табыс көлемінің артуына, өнімнің тиімділігін арттыруға және әлемдік нарықта тауарды танымал етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 наурыз 2014, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.