Атырау, 25 қараша 00:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Қырымдағы референдумды республика халқының еркін ерік-жігерін білдіруі ретінде бағалайды

1 202 просмотра
Қазақстан Қырымдағы референдумды осы республика халқының еркін ерік-жігерін білдіруі ретінде бағалайды, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

 «Қазақстан Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының еркін ерік-жігерін білдіруі ретінде қабылдады және қалыптасып отырған жағдайдағы Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды» - делінген мәлімдеме мәтінінде.

Онда Қазақстан «өзінің БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың іргелі принциптерін жақтайтынын атап көрсетеді», деп атап өтілген.

«Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын және оны БҰҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар қамқоршылығымен келіссөздер үдерісі жолымен еңсеруін қолдаймыз», деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Дереккөз: BAQ.KZ

19 наурыз 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған