
«ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдендiрiлген трансферт абсолюттiк мәнiнде 8 млрд АҚШ доллары деңгейiнде тiркелген. Доллар бағамының 185 теңгеге дейiн ұлғаюына байланысты 2014 жылға бекiтiлген Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi 150 теңге бағамында 1 трлн 380 млрд теңге болған, енді 1480 млрд теңгенi құрайды. 2014 жылға айқындалған кепiлдендiрлген трансферттiң мөлшерi Ұлттық қорда төмендемейтiн қаражаттың қалдығы бойынша шарттың орындалуын ЖIӨ-нiң 30% мөлшерiнде қамтамасыз етедi», - дедi өз баяндамасында ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев.
Дереккөз: bnews.kz
19 наурыз 2014, 10:05