Атырау, 25 қараша 00:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Іздеуде жүрген Елена Данилова елімізге жеткізілді

1 240 просмотра
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты» АҚ-ның бұрынғы бас бухгалтері Елена Данилова экстрадицияланды. Ол 14 миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

 Е.Данилова Қазақстаннан тыс жерде жасырынуына байланысты оған Интерпол бойынша іздеу жарияланды.Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2011 жылдың мамырында Данилованың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында екені анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны беру туралы сұрату жолдады.

2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған болатын.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Данилованың мүдделерін бір топ адвокат қорғады және олар беру туралы қазақстандық сұратуды қанағаттандырудан бас тартуға қол жеткізбекші болды. Олардың шағымдары бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы арабтар тарапына бірнеше рет қосымша материалдар ұсынды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Интерпол бюросының ұлттық орталығы, Ішкі істер министрлігі және өзге де мүдделі ведомстволардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде Е.Данилова Әбу-Дабиден Алматыға әуе рейсімен жеткізіліп, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Дереккөз: baq.kz

19 наурыз 2014, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.