Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевты Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Үкімет мүшесі болып тағайындалсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.