Атырау, 25 қараша 00:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық аграрилер егістік науқанында 360 мың тонна арзандатылған ЖЖМ алады - АШМ

2 750 просмотра

Қазақстан үкіметі ауыл шараулылығы өнімдерін өндірушілеріне бағасы бір литр үшін 95 теңгеден аспайтын  360 мың тонна арзандатылған ЖЖМ береді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

"Мұнай және газ министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен бұйрығымен  бір литр үшін 95 теңгеден аспайтын белгіленген баға бекітілді. Бұл біздің негізгі астық егетін үш облысқа қатысты... Оның жалпы көлемі 360 мың тонна болады", - деді Мамытбеков. 

Оңтүстік облыстарда ЖЖМ-ның арзандатылған бағасы төменрек болуы мүмкін деп, нақтылады ол.   

18 наурыз 2014, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.