Атырау, 25 қараша 00:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Министр 1 триллион теңгенің қайда жұмсалатынын мәлімдеді

1 206 просмотра
Бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалымен өткен Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев жасаған баяндамасының басынан-соңына дейін, тек қана қазақ тілінде сөйледі. Ол өз сөзінде, Ұлттық қордан бөлінетін 1 триллон теңгенің қай салаларда игерілетіндігі жайында айтты.

- 2014 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде долллар бағамын түзетуге байланысты Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 480 млрд. теңгеге ұлғайтылды, 2015-2016 жылдарға – жыл сайын 1 380 млрд. теңге көлемінде жоспарланған. Яғни, елдегі іскерлік белсенділікті қолдау үшін 2014-2015 жылдар ішінде мыналарға:

- өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға арналған жеңілдікті кредиттермен шағын және орта бизнесті қамтамасыз етуге;

- индустрияландыру бағдарламасының басымдықтары бойынша жобаларды қаржылық қолдауға;

- екінші деңгейдегі банктерден «жұмыс істемейтін» кредиттерді сатып алу арқылы банк секторын сауықтыруға Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлу көзделген.

Бұл шаралар кешені өңдеуші өндірістерді, шикізаттық емес сектордағы индустриялық жобаларды дамыту және экономиканы кредиттеу үшін банктердің меншікті қаражаттарын босату арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталатын болады, - деп түсіндірді министр.

Дереккөз: Baq.kz

18 наурыз 2014, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.