Атырау, 25 қараша 01:05
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТМРА тариф белгiлеудiң ашықтығын заңмен реттемек

1 490 просмотра

Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi тариф белгiлеудiң ашықтығы, реттелетiн қызметтер сапасын арттыру және қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын әзiрледi. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағаты барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Агенттiк төрағасы заң жобасының негiзгi бағыттарына тоқталды.

«Құжат әкiмдердiң есеп берулерi сияқты жария тыңдауларды және монополистердiң жыл сайынғы мiндеттi есептерiн өткiзуге қатаң талап қою, сондай-ақ электрмен жабдықтау бағалары өзгерген жағдайда жария тыңдаулар өткiзудi енгiзудi қарастырады», - дедi М.Оспанов

Сонымен қатар, заң жобасы монополистерден сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағаларының жүйеленген тiзбесi арқылы сатып алу ашықтығын арттыруға бағытталған және реттелетiн нарық субъектiлерiне және табиғи монополия субъектiлерiне алдын ала төлемақыжасауға тыйым салуды қарастырады. Бұған қоса, қызметке қосу кезiнде моноплистер келтiретiн кедергiлердi жою көзделген.

«Ол үшiн монополистерге веб-сайтта желiлер мен жабдықтар жұмысының шамадан тыс көптiгi, қуаттардың болуы және желiлердi өткiзу қабiлетi туралы ақпаратты тоқсан сайын орналастыруға қосымша мiндеттер енгiзу ұсынылады»,- деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

 

17 наурыз 2014, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.