Атырау, 30 қыркүйек 06:23
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ІІМ қажет уақытта ғаламтор мен ұялы телефондарды сөндіру құқын сұрады

2 112 просмотра

Фото: thenews.kzФото: thenews.kzТеррорлық қауіп туындаған кезде ғаламтор мен ұялы телефон уақытша сөндірілуі мүмкін.

Ішкі істер министрі елімізде ғаламтор, ұялы телефон және өзге де байланыс құралдарын сөндіру туралы бастама көтеруде.

Бір жолата емес, уақытша. Нақтырақ - террорлық қауіп туындаған кезде.

Мамандар әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, шиеленістер мен лаңкестік оқиғалар көбіне байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылатынын айтады.

Сондықтан ішкі істер министрі елде аяқ асты осындай жағдай туа қалса, барлық байланыстың түрін ағытып тастауды заңмен бекітсек деп отыр.

"Бас прокурор және оның орынбасары қажеттілік бойынша тиісті органдарға нұсқау беруге құқылы. Сол арқылы интернет пен байланыс құралдарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл экстремистік әрекеттерге қатысты ақпарат таралуының алдын алуға қажет", - деді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Бұл - әзірге ұсыныс. Ол депутаттық талқылаудан өтіп, мақұлданса ғана заңға енгізілмек.

Дереккөз: nur.kz

17 наурыз 2014, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.