Қызылорданы су басып жатыр. Еріген қар суы көшелерге толып, тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалған. Ал аяқтарына резеңке етік киген азаматтар жағы, өзен-көлге айналған аулаларынан балық аулап жүр.
Әкімдік жағы әзірге жақ ашқан жоқ. Көктемнің келгеніне бұл көшенің тұрғындары қуанбайды. Қыстай жауған қар еріп, тізеден келетін көлге айналғанда, арғы бет пен бергі бет, амандық сұрасудан қалады.
Адамды қойып, көліктің өтуі қиын өткел балаларды сабақтан қалдырып, қарияларды ауладан ары аса алмайтындай еткен.
Үйден шықпай жатып, белшеден лай су мен батпаққа бататын бұқара отыз жылдан бері мұңдарын айтудан жалықпай келеді.
"Алпыс жылдан бері қоқыс шығара алмай отырмыз. Көлік кіре алмайды. Арыз жаздық", - дейді тұрғындар.
Суға толы көшенің бір бетін тұрғындар күрекпен тазалап, жол ашқандай болған. Бірақ қалған қар еріп, жауын-жауса болды жөндеу көрмеген ойым жолдар қайта суға толады. Азаматтардың тастамай киетін резеңке етіктері де жағдайдан шығуға көмектеспейді.
Езілген қара батпақтан аяқ алып жүрудің өзі қиын. Халықтың айтуынша, осы жолдың кесірінен жедел жәрдем де, қоқсы шығаратын көлік те келмейді. Наздарын айтып, көпшілік бірнеше рет шенеуніктердің есігін қаққан. Бірақ жөнделіп жатқан жолдарындың санатынан қалып қоятын Гагарин мөлтек ауданындағы көшеге көңіл аударар ақ жағалы болмай тұрған көрінеді.
Жауап журналистерге де жоқ. Күні бойы ақпарат беруді уәде еткен әкімдіктегілер кеш қайта айнып қалды. Енді кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген көшенің жолы қашан қалпына келетіні белгісіз.