Атырау, 26 қараша 22:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Отыз вакуум және батпақ

3 532 просмотра

Облыстық әкімдікте баспананы терможаңғырту бағдарламасы бойынша кезекті кеңес өтті.

СЕБЕПТЕР МЕН САЛДАР

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы  Ақылбек БАЙШАХАНОВ өз баяндамасын «денсаулық үшін» деп бастады. 2011-2012 жылдары (2013 жылы осы бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаржысы бөлінбеді) ескі тұрғын үй қорын жөндеуде 1,2 млрд теңге игеріліп, көппәтерлі 45 үй жөнделген. Биылғы жылы 650 млн теңгеге 19 үйді жөндеуден өткізу жоспарланған.

Алайда жөндеуге жұмсалған несие қаржыларын қайтару проблемасы өзекті болып қалып отыр. Екі жыл ішінде тұрғындар 154 млн теңгені қайтаруы тиіс болатын, тек 40 млн теңге ғана қайтарылды.

- Мен себептерін атаймын. 2011-2012 жылдары тұрғындардың үштен бір бөлігі ғана хаттамаға қол қойып, жөндеуге келісімдерін берген еді. Ал заң бойынша 70 пайыздан кем болмауы тиіс. Кейбіреулері хаттамаға қолдарын қойғанмен, енді сметада қарастырылмаған жұмыстардың орындалуын талап етіп отыр. Осы негізде ақша төлеуден бас тартуда, - дейді А.Байшаханов. – Бұдан басқа, кейбір жағдайларда мердігерлердің жұмысына бақылау болмады. Қазір бағдарлама операторлары – «Атырау» ӘКК мен «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС қызметкерлерінің штаты кеңейтілді, қаржыларды қайтару кестесі жасалды. Ақша төлемейтін тұрғындардың әрқайсысының пәтерін аралайды. Өткен аптада 1,5 млн теңге жиналды. Мұндай сома бұрын бір ай ішінде жиналатын. Пәтердің меншік иелері жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын облыстық әкімдікке шақыртып, олардан борышкерлерге ықпал етуді талап ететін боламыз.

11 наурызда Авангард 2-ші ықшамауданындағы №3 үйдің тұрғындары «Атырау» ӘКК қызметкерлерінің жиынында сапасыз жөндеу үшін ақша төлегілері келмейтінін мәлімдеді. Соның қарсаңында олар құқыққорғау органдарына арыз жазған болатын. Ол жерде кемшіліктер тізіліп жазылған: «Қасбетінің ақталған жері түсіп жатыр, таяныштары ауыстырылмаған, подъезд терезелерінде тор жоқ, қоқыс жәшіктері мен отырғыштар жоқ; балкондарда профлисттер дұрыс бекітілмеген, подъездердің қабырғаларының сырлау биіктігі нормаларға сай келмейді, жаңадан жөнделген шатырдан су ағып тұр, жертөле мен лас сулар қоқыстан тазартылмаған, подъездердің алдындағы апатты күнқағарлар алынбаған, олар тіреуіштермен бекітіліп, профлисттермен жабылған, жертөледегі тұрбалардан аққан су тыйылған жоқ».

 

«ҚАНДАЙ ЖӨНДЕУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ҚОЗҒАЛЫП ОТЫР?»

Бағытжан ИМАНАЛИЕВБағытжан ИМАНАЛИЕВ№3 үйдің тұрғыны Бағытжан ИМАНАЛИЕВ жиында өзінің жөндеу үшін ақша төлеуден неліктен бас тартып отырғанын түсіндірді:

- Жертөледегі су әлі ағып жатыр. Подъездерде масалар қаптап жүр. Подъезд есіктері дымқыл тартқан, вентиляция жұмыс жасамайды. Жөндеу жүргізілді деп қалай айтуға болады? Бізді ақша төлеуге мәжбүрлегілері келеді. Үйімде мүгедек ұлым мен қартайған анам жертөледен шығатын иістен зардап шегіп келеді. 

Инна НЕШЕВА:

- Осының алдында 4-ші подъездің тұрғындары ақша жинап, домофоны бар есік орнатқан едік. Енді мердігер осы есікті басқа подъездердің есіктерімен бірге өзінің орнатқанын айтып отыр. Неліктен біздің есіктеріміздің құнын мердігер ескермей отыр? Өте нашар ақтап шыққан, подъезд терезелері жарық-сызаттармен орнатылған. Подъездегі ескі таяныштар ауыстырылмаған. Мен олардың бригадирлеріне барған едім. Ол шу шығарып, бәрін анықтауға уәде етті. Бірақ бәрі сол күйінде қалды.

Жөндеу жүргізілмес бұрын біз өз ақшамызға кірпіштер мен есіктер сатып алып, бөгде жандар үшін жертөлеге баратын жерді жауып тастадық. Мердігерлер бұл есікті сындырып, қоқыстарды шашып тастады, оны жинау үшін жүк машинасын жалдауға тура келді. Есік сынғаннан соң бір ішінде ол жерге алақол көршілер де қоқыстарын лақтырды. Жертөлені қайтадан тазарту үшін қаңтар айында біз тағы да ақша жинадық. Бізге бұл ақшаны қайтара ма?

Өзін Клавдиямын деп атаған тұрғын:

- Көрші №18 үйде осындай сомаға керемет жөндеу жүргізілді. Жертөледе жалаңаяқ жүруге болады. Жертөлені алдымен тазартты, содан соң бүкіл тұрбаларды, желілерді, қасбеті мен шатырды жөндеді. Біздің үйімізде тіпті жертөлені тазалауға да кіріскен жоқ. Ол жердің суы белшеден келеді, ал олар жылу мен кәріз жүйесінің тұрбаларына жөндеу жүргіздік деп отыр...

Бейімбет ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВ:Бейімбет ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВ«Атырау» ӘКК мемлекеттік бағдарламасына қызмет көрсету департаментінің директоры Бейімбет ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВ:

- Мен мердігердің кейбір жөндеу жұмыстарын сапасыз жасағанымен келісемін. Мәселен, ол қасбетті қайтадан бояйтын болды. Бірақ таянышты ауыстыру мен жертөлені тазарту сметаға енгізілмеген.  

«Уралспецстрой» ЖШС мердігер мекемесінің басшысы Мәлік САТЫБАЛДИН:

- Біз 2012 жылдың қарашасында жөндеуді бастадық. Екі ай ішінде қасбетін бояп шықтық. Өйткені бізді жөндеуге қатысты асықтырған еді. Сметада кәріз жүйесі болмады, біз жасадық. Жертөле лас суларға лық толы болды. Қолымыздан келгенше тартып шығардық. Үй пайдаланылған 40 жыл ішінде жертөле түбінде қоқыс пен лас сулар қабат-қабат болып жиналып, батпақ болып қалған. Оны ешқандай сорғымен сорып шығара алмайсың.

- Егер, өзіңіз айтып отырғандай, жертөле лас суларға толы болса, кәріз бен жылу жүйелеріне қалай жөндеу жүргіздіңіздер?деп сұрады тұрғындар.

- Мен сантехникалық бригадамен келісімшарт жасадым. Олар жылу, кәріз, ыстық және салқын сумен қамту жүйесіне жөндеу жүргізді. Жөндеу үшін бүкіл материалдарды мен оларға сатып алып бердім. Олар бәрін жасады.  

- Неліктен апатты темірбетонды күнқағарларды жаңа, болат түріне ауыстырмаған?

- Күнқағарлар апатты емес. Біз оларды ауыстырғымыз келіп, кранды жақындатып әкелген едік. Бірақ күнқағарды алмақ болғанда, подъездің қабырғасы шайқала бастады. Сол кезде біз күнқағарды қалдырып, оның бағандармен бекітуді ұйғардық.

 

МЕРДІГЕР ҚАЛҒАНЫН СҰРАП ОТЫР

Серік СҮЛЕКЕНОВ Серік СҮЛЕКЕНОВ -Егер жөндеуді дұрыс жасаса, біз терможаңғырту үшін ақша төлеуге келісеміз, - деп сөздерін түйіндеді №3 үй тұрғындары. Олардың айтуларынша, «Асыл Атырау» ПИК төрағасы Серік СҮЛЕКЕНОВ ақау ведомоствосы мен жөндеу сметасын тексеруі керек және оған жертөлені лас сулардан тазарту жұмыстары енгізілгеніне көз жеткізуі тиіс екен. Олардың пікірінше, ол жөндеу сапасына мүлдем нашар бақылау жасаған.

Бұл айыптауды ПИК төрағасы теріске шығарып, бірінші кезеңде жертөлені тазарту сметада көрсетілгенін, бірақ кейін оны мемлекеттік  сараптаманың шығарып тастағанын айтты. Ол жердегілер лас суларды сорып шығарумен шектелуге болады деп есептеген. Мердігер отыз шақты ваккумды сорып шығарғаннан кейін, жертөледе тағы тереңдігі бір жарым метрдей болатын қоюланған лас сулар мен қоқыстар батпағы қалған.

Тұрғындар өздерін ешкім де сапасыз жөндеу үшін ақша төлеуге мәжбүрлей алмайтындығын мәлімдеп отыр. Ал сол уақытта терможаңғырту жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысында М.Сатыбалдин «Атырау» ӘКК басшылығынан 34 млн теңгеге тең болатын жалпы үйді жөндеу құнының қалған 10 пайызын сұрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 наурыз 2014, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.