Атырау, 11 желтоқсан 11:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Инвестицияның игілігін Атырау көрмекші

3 265 просмотра

Дүйсенбі күні облыстық әкімдікте инвестициялық жобалар жөнінде сөз қозғалды.

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Дана ШАЙДІЛДИНОВАНЫҢ айтуынша, инвестициялық саясат саласында облысымыз еліміздегі жетекші орындардың бірінде екен. Өткен жылы негізгі капитал инвестициялары 1 147 млрд теңге құраған, бұл жалпы республикалық инвестицияның 24 пайызы. Мұнда мұнай саласы - бұрынғыша басымды сала. Оның инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі  80,5 пайыз құрайды. Басқа нысандар арасында - өткен жылы іске қосылған бәр мәрте пайдаланатын шприц өндіру зауыты («Брандо» ЖШС), құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт («Биас Тек» ЖШС), тұрғын үй құрылысына арналған 3D-панельдер шығаратын зауыт («Констракшн KZ» зауыты), «Жайык Агро» КМК-ның жылыжайы мен көкөніс қоймасы,  Атырау ЖЭО-ның 4-кезекті кеңейту жұмыстары бар. Ал «Шеврон» компаниясы қазіргі кезде «Тиекті арматура өндірісі» жобасын жүзеге асыруда.

Д.Шайділинованың айтуынша, жаңа шетелдік инвестициялар тарту мақсатында «Қазына Капитал Менеджмент»  («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) компаниясына бірнеше жобалардың материалдары жолданған. Олардың қатарында тауарлық бекіре фермасының жобасы («Қағазов» шаруа қожалығы), элеваторды жаңалау («Приморский элеватор» ЖШС), құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру («Феникс Иса» ЖШС), цемент зауыты («Индерцемент» ЖШС), металл бұйымдар өндірісін кеңейту («Стройметалл» ЖШС) жобалары бар. «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясы қызметінің негізгі мақсаты - халықаралық инвесторлармен бірігіп, болашағынан үміт күттіретін компанияларды қаржыландыру үшін қор құру боп табылады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 маусым 2011, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.