Атырау, 25 қараша 01:03
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қоғам белсенділері Дариға Назарбаева Алматының әкімі болса дейді…

1 991 просмотра

Аcтана. Qaznews.kz - «Демократиялық Қазақстан» қозғалысының белсенділері Алматы әкімдігінен митинг өткізетін жер сұрап, онда шаһар басшысы Ахметжан Есімовті орнынан алу туралы мәселені талқыламақ болып отыр. Олардың ойынша, бұл орынға Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева лайық екен.

Қоғам белсенділері Халықтың сайлау комитетін құрып, Дариға Нұрсұлтанқызынан бөлек алты үміткерді ұсынуды көздейді. Total.kz сайтының жазуына қарағанда, олардың қатарына оппозиция белсендісі, экс-шенеунік Балташ Тұрсымбаев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Мэлс Елеусізов, тәуелсіз журналист Сергей Дуванов, қазіргі әкім Ахметжан Есімов және Қырымбек Көшербаевты қосыпты.

Қазақстан Мұсылмандар Одағының төрағасы Мұрат Телібековті де осы қатарға қоспақ болған екен. Алайда Мәкең бұдан бас тартқан секілді.

«Әйел ретінде Дариға Нұрсұлтанқызы қаланы анағұрлым көріктендіруге жұмыс істер еді. Әйелдер табиғатынан мейірімді болып келеді. Менің ойымша, ол білім саласындағы жемқорлықты тыя алады. Дәл осылар туралы біз 23 наурыздағы митингіде айтатын боламыз», — дейді Мұрат Телібеков.

Мұрат Телібеков сөз етіп отырған әкім болуы тиіс Дариға Назарбаев ханым бүгінде Мәжіліс депутаты, Мәдениет және әлеуметтік даму комитетінің төрайымы.

Кеше ғана белсенділер қалалық әкімдікке митинг өткізуге қатысты өтініш білдірген еді. Мұны өткізуге қаладағы оқу орындарындағы алым-салықтардың көптігі себеп болып отыр. «Демократиялы Қазақстан» қозғалысының белсенділері осы митингте қалалық білім басқармасың басшысы Рахат Шимашеваны орнынан кетуді талап етпекші. Сондай-ақ, қала әкімін жемқорлықты жоюға дәрменсіздік танытқаны үшін орнынан кетуді талап етеміз деп тас-түйін дайын отыр.

Дереккөз: qaznews.kz

14 наурыз 2014, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.