"Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты АП-162/10 мекемесінің бөлім басшысы өз қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Тергеу барысында анықталғандай, 2013 жылдың қыркүйегі мен қазан айлары аралығында сотталғандарды өз үйлеріне алып барып, жұмыс істеткен" деді Павлодар облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы Самал Ахмедьянова.
Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қызметін асыра пайдаландығы үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілген.
Дереккөз: baq.kz