Атырау, 25 қараша 00:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда 20-ға жуық салықшы жалған кәсіпкерлердің ұйымдасқан қылмыстық тобына көмек жасап келді деп айыпталуда

1 433 просмотра

Қазақстанда 20-ға жуық салықшы жалған кәсіпкерлердің ұйымдасқан қылмыстық тобына  көмек жасап келді деп айыпталуда, деп хабарлайды Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігі.  

Бұрын хабарлағанадай, өткен жылдың қыркүйегінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Артур Ким мен Қалиев Фархадты қамауға алған болатын.

Олар 2009-2011 жылдары республика аумағында жалған кәсіпорындары арқылы басқа коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсетіп келген ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оның қызметіне қатысқан деп айыпталуда. Олардың әрекетінен мемлекетке 2,3 млрд.теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған қылмыстық істі тергеу барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің белсенді көмегімен қаржы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне көмек жасап келген әртүрлі аймақтардағы салық органдарының 18 қызметкерін анықтады.

Мәселен, 18 ақпанда ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті тауарларды импорттау кезіндегі қосымша құн салығын әкімшілдендіру басқармасының бастығы М. Бұлғынов ұсталды, 20 ақпанда ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Оған 2009-2010 жылдары, Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы бола тұра, қызмет бабын теріс пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарында кешендік жалған тексерістер өткізуге көмектескен деген айып тағылуда. Нәтижесінде аталған жалған фирмалардың есеп-шоттарында заңсыз түрде артық төленген қосымша құн салығы пайда болған.

15 ақпанда сот санкциясымен Ж. Нүсіпов қамауға алынды. Ол 2010-2012 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы бола тұра, қызмет бабын теріс пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарында кешендік жалған тексерістер өткізуге көмектескен деп айыпталуда. Нәтижесінде аталған жалған фирмалардың есеп-шоттарында заңсыз түрде артық төленген қосымша құн салығы пайда болған.

Оған қоса, қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары салық органдарының 16 қызметкері тартылуда.

Өткен жылы жалған кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасағандары үшін жауапкершілікке Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары Ажинуров, Оңтүстік Қазақстан облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Садықов, сондай-ақ әртүрлі аймақтардағы аудандық салық басқармаларының бірқатар басшылары тартылған. Жалпы 2013 жылы салық органдарының 49 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

13 наурыз 2014, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.