Атырау, 25 қараша 00:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокуратура: МИ-8 апатына қатысты іс жабылды

1 583 просмотра
2012 жылдың қараша айында құлаған "Евро-Азия Эйр" компаниясының МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауына "күрделі ауа-райы жағдайы" себеп болды деп хабарлады бүгін Қазақстан көліктегі бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Прокуратура тікұшақтың апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылғанын айтады 

Құзырлы органның дерегінше, тергеушілер апат "күрделі ауа-райы жағдайында айналаның нашар көрінуіне байланысты" болды деп тапқан. Тергеушілер бұған қоса тікұшақ экипажының командирі "қолайсыз ауа-райына қарамастан ұшуға шешім қабылдап, әуеде тікұшақты басқара алмай қалған" деген тұжырым жасаған.

2012 жылы 24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген МИ-8 тікұшағы жоғалып кеткен еді. Ал қарашаның 29-ы күні тікұшақ апатында қаза болған 8 адамның мәйіттері табылған.

Дереккөз:  Baq.kz

13 наурыз 2014, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.