Бүгін Астанада газды моторлы жанармай ретінде пайдалану бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мен мұнай өнімдерін бөлшек сату нарығындағы бизнес өкілдері қатысты.
«Меморандумның мақсаты – болашақта жанар-жағармайдың орнына сұйық газды пайдалануға мүмкіндік туғызу. Ақтау сияқты кейбір қалаларда ғана емес, бұл жүйені бүкіл Қазақстанға тарату», - деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында Ұ.Қарабалин.
Оның айтуынша, елдегі зауыттарда жылына 3 млн тоннадай сұйық газ шығарылады. Оның негізі экспортқа жөнелтіледі.
«Бір бөлігі ел халқының тұтынуына бағытталады. Бірақ, газды жанармай орнына пайдалану тиісті деңгейге жеткен жоқ. Мұның тиімдісі – газды пайдалану әлдеқайда арзан болып шығады. Кей жағдайда екі есеге дейін арзан болады. Осындай мүмкіндікті біз кеңейтуді көздеп отырмыз», - деп толықтырды ол.
Дереккөз: bnews.kz
В Атырау +2