© ИА "Новости - Казахстан", // Владимир БУГАЕВ АСТАНА, 12 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қаржы полициясы пара алды деп айып талған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның басқа қылмыстарды жасауға қатыстылығын тексеруде деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.
2014 жылғы 6 наурызда Арын сот санкциясымен қамауға алынды.Ол облыстық әкімшілік пен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында жасалған 2013 жылға өзара әрекеттестік меморандумы шеңберінде Павлодар қаласын абаттандыруға демеушілік көмек ретінде бөлінген 23 млн.теңгені заңсыз иеленді деп айыпталуда.
Сонымен қатар, оған құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жету үшін пара алу фактілері бойынша айып тағылуда.
«Бүгінгі күні оның басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.
Дереккөз: newskaz.kz