Атырау, 24 қараша 23:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан мен АҚШ Президенттері Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеу қажеттігін қуаттады

2 577 просмотра
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Әңгімелесу кезінде Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды.
Екі мемлекеттің көшбасшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды.

Қазақстан мен АҚШ Президенттері Украинадағы дағдарысты осы елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажеттігін қуаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе үдеріске қатысушылардың барлығының келіссөздері арқылы ғана шешілуге тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде Барак Обама Украинадағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдардың атсалысуымен пәрменді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 наурыз 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.