Атырау, 13 мамыр 14:23
 ашықВ Атырау +23
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Оқушылардың сөмкесін жеңілдету бағытында жұмыстар жүргізілуде

1 713 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушылары сөмкесінің салмағы жеңілдету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев осылай деді.

«Қазіргі уақытта мектеп сөмкесінің салмағын жеңілдету үшін отандық оқулықтар жұмсақ жылтыр мұқабада әзірленіп, шығарылуда. Оқулықтарды жарты не болмаса төрттен бірге бөліп есептеу шығару жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.

Оның атап өтуінше, баспалар мектеп оқулықтарын жарыққа шығару барысында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оқыту нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережесін басшылыққа алады.

«Республиканың жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтардың салмағы бойынша санитарлық-гигиеналық талаптары Ресей, Беларусь, Украина нормаларына сай келеді. Ол бастауыш сыныптар үшін 300, 5-6 сыныптарға 400, 7,9 сыныптарға 500 грамм», - деді вице-министр.

Дереккөз: inform.kz

11 наурыз 2014, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.