АСТАНА, 11 нау - Қазақстан жаңалықтары АА. Бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлады деген айыппен жеті жылға сотталған ҚР Статистикалық агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева сот үкіміне шағым түсірді, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Мешімбаеваның адвокаты Ботагөз Бейсембаева.
"Мешімбаева сот үкімімен келіспейді, сондықтан ол сәрсенбі, 5 наурыз күні Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына апеляциялық шағым түсірді", - деді Бейсембаева телефонмен.
2014 жылғы ақпанда Мешімбаева Астананың Есіл аудандық №2 сотымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Оны 176-баптың 3-бөлігі "б,г" тармақтары бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруға және 5 жылға белгілі лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасы тағайындады.
Дереккөз: newskaz.kz