ҚР Үкіметі теңге бағамының өзгеруіне байланысты ағымдағы жылы дереу қаржыландыруды талап ететін жобаларға өтемақы төлейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Бұдан басқа, теңге бағамын түзету нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеу мақсатында, бюджеттің шығыс бөлігінің жеке баптарына оларды ұлғайту жағына қарай 40,3 млрд. теңге сомасына қайта есептеу жүргізілді. Теңге бағамын өтеу ағымдағы жылы дереу қаржыландыруды талап ететін жобалар бойынша төленетін болады»,-деді министр. Осы орайда Е. Досаев қажет болған жағдайда, өзге жобалар бойынша өтеу 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қаралатынын атап өтті.
Министрдің сөзіне қарағанда, сонымен қатар қаражатты неғұрлым тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында республикалық бюджетті нақтылау жобасы аясында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы шығыстарды ұлғайтусыз бюджет қаражаты қайта бөлінді.
Дереккөз: ҚазАқпарат