АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылап, осы елдің проблемасының бейбіт жолмен шешілуіне мүдделі екендерін растады деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйге сілтеме жасап.
Обама Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімесінде осы Орта Азиялық республиканы Украинаның проблемасын бейбіт жолмен шешу жолында белсенділік танытуға шақырды.
"Көшбасшылар Ресей мен Украинаның арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге мүдделі екендерін растады. Олар тәуелсіздік және аумақтық тұтастық тұжырымдамаларын қолдаудың маңызды екеніне келісті", -делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.