Кездесудің бірінші жартысында қос команда ойыншылары да гол салуға қауіпті сәттерді тудырғанымен, есеп ашылмады. Тек екінші таймның 68 минутында Данило Неко «Шахтердің» қақпасынан саңылау тауып, гол салды. Ақтөбеліктер осы басымдығын ойынның аяғына дейін сақтап қалды. Нәтижесінде, «Ақтөбе» Қазақстан-2014 Суперкубогының иегері атанды.
Айта кетейік, осы тартысты ойынды тамашалауға 14 мыңнан астам көрермен келді.
Дереккөз: ҚазАқпарат