Наразылық шарасына шыққаны үшін Есіл аудандық полиция бөліміне апарылған азаматтар - Астанадағы "Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары (араларында балалар да бар) бірер сағаттан соң босатылды.
Бес әйел бір айдың ішінде 111-бап ("Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзуға кірістіру") бойынша әкімшілік сотқа тартылмақ. Сотқа дейін босатылған ол адамдардың кәмелетке толмаған балалары бар.
Наразылық шарасына қатысқан азаматтардың бірі Салтанат Шиязова оқиғаны таратауға келген полицейлердің әйелдер мен балаларға дөрекелік көрсеткенін айтады.
Астанадағы "Махаббат" тұрғын үй кешенінің 30 шақты тұрғыны 6 наурызда Есілдің оң жағалауындағы медиа орталыққа барып, сот шешімімен өздерін пәтерлерінен шығарып жатқандарын айтқан еді. Оларды бірер минуттан соң полиция ұстап әкеткен.
Наразылар 2009 жылы 400-ден астам адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келгендерін айтады. Алайда қожайын үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын олардан пәтерлерді босатуды талап еткен. Сот тұрғындардың келісім-шарттарын жарамсыз деп тауып, оларды пәтерлерінен шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ олар пәтерден шығаруға наразылық танытып, келісім-шарт жасасқан адамдардың үстінен арызданған.

Дереккөз: Азаттық радиосы
7 наурыз 2014, 09:57