Атырау, 24 қараша 22:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Нұр Отан» Сингапурдың басқарушы партиясымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

1 345 просмотра
2014 жылғы 5 наурызда Сингапурда Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Сингапур Республикасының басқарушы Халық қимылы партиясының (People’s Action Party) төрағасы, Ұлттық даму министрі Кхо Бун Ванмен (Khaw Boon Wan) кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Е.Баударбек-Қожатаев партияның төрағасына «Нұр-Отан» партиясының Бірінші орынбасары Б.Байбектің партияаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету көзқарасы бейнеленген хатын тапсырды», - делінген ақпаратта.

Елші сұхбаттасты елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту барысымен таныстырып, осы орайда Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Сингапурдың алдыңғы қатарлы тәжірибесін бейімдеуге аса мән беретінін атап өтті.

«Кхо Бун Ван қазақстандық-сингапурлық қатынастардың дамуына Елбасының жеке назарын жоғары бағалап, оның ішінде партияаралық өзара қатынасты нығайтудың маңыздылығына ерекше көңіл аударды», - делінген ақпаратта.

Халық қимылы партиясы Сингапурдың 1965 жылы тәуелсіздік алғалы бері басқарушы партиясы болуда және ішкі саяси сахнада басым күш болып қалуда.

Дереккөз: bnews.kz

 

7 наурыз 2014, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.