Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековке еліміздің қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-аккаунтында.
"Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге ауқымды қаржы бөлінеді. Ұлттық қауіпсіздік жоғары деңгейде болуы тиіс.Армияға көлеңке түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық фактілері алаңдатып отыр. Қорғаныс министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивтік шараларды қабылдауы тиіс",-деді Назарбаев қорғаныс ведомствосында шұғыл-стратегиялық кеңесте.
Дереккөз: newskaz.kz