Атырау, 24 қараша 22:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев: Түсініксіздік тудыратын мәселелерді көтермей, БЭК экономикалық одағын құру қажет

1 321 просмотра

АСТАНА,  6 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Елдердің ішінде түсініксіздік тудыратын қосымша мәселелерді көтермей, алдымен Қазақстан, Ресей және Белоруссияның экономикалық одағын құру қажет депи мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде  сәрсенбіде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында.

Отырысқа Қазақстан басшысы– Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей басшысы  – Владимир Путин және Беларуссия басшысы  – Александр Лукашенко, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты.

Кездесу кезінде Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында интеграциялық процестердің хал-ахуалы мен болашағы, сондай-ақ ЖЕЭО-ның алдыңғы отырыстарында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың негізгі мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шарт  жобасының дайындалу барысы қарастырылды.

Дереккөз: newskaz.kz

6 наурыз 2014, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.