Атырау, 24 қараша 22:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан РФ-ға мұнайды қарсы жеткізуді мұнай өнімдерін жеткізуге айырбастаумен бекітті

2 010 просмотра

Қазақстан үкіметі  Ресейге мұнайды қарсы жеткізу мәселелерін 2014 жыл бойы сол жақтан мұнай өнімдерін жеткізуге айырбастаумен бекітті делінген ресми БАҚ-та министрлер кабинетінің сәрсенбіде жарияланған қаулысында.

"Үкімет  «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жөніндегі оператор-компания болып белгіленуіне қаулы етеді»,- делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімі негізінде мұнай өнімдерінің көлемін, жеткізу мерзім¬дерін белгілей отырып, оларды жеткізу кестелерін бекіту тапсырылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акцио¬нерлік қоғамына  (келісім бойынша) мұнай өнімдерін жеткізу кестелеріне сәйкес мұнай өнімдерінің 2014 жылға арналған индикативтік теңгерімінде көзделген көлемде мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылған.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

5 наурыз 2014, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.