"А" корпусының резервіне қосымша 100 адам іріктеледі, мұнай шешім Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта қосымша қажеттіліктің бар екендігін ескере отырып, Ұлттық комиссия «А» корпусының резервіне тағы 100 адамды іріктеуден өткізу жөнінде шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «А» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды, тест тапсырмалары лауазымдарға байланысты дифференцияланды.
Іріктеу туралы тиісті хабарландыру келесі аптада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтар АА.