Атырау, 30 қыркүйек 02:40
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Мемлекет басшысы Жолдауының сурдоаудармасы іске қосылды

3 242 просмотра
«Қазконтент» АҚ базасындағы Strategy2050.kz ақпараттық порталы есту қабілеті нашар жандарға арнап Мемлекет басшысы Жолдауының сурдоаудармасын іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.video 0

Strategy2050.kz ақпараттық порталы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының толық сурдоаудармалық нұсқасының тұсаукесер рәсімін өткізді.

«Видеожоба есту қабілеті нашар қазақстандықтарға Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында арнайы әзірленіп отыр», - деді «Қазконтент» АҚ медиа-жобалар бойынша атқарушы директоры Абай Жақыпов.

Сурдоаударманы ақпараттық порталдың сайтынан көруге болады. Бұған қоса, аудармамен портативті гаджеттер арқылы да танысуға мүмкіндік бар.

Сурдоаударма тұсаукесеріне Қазақ саңыраулар қоғамының мүшелері шақырылды. Өз кезегінде сурдоаудармамен танысқан саңыраулар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жангелді Бейбатыров ақпараттық порталдың бастамасына баға беріп, Елбасы Жолдауын түсінуге мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты.

Дереккөз: bnews.kz

4 наурыз 2014, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.