Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Белоруссия және Қазақстан басшылары Александр Лукашенко және Нұрсұлтан Назарбаевпен Украинадағы жағдайды талқылады. Жағдайдың ушығуы Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңеске мүше елдердің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп хабарлайды РИА Новости Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ең алдымен Қырым және осы елдің шығыс өңірлеріндегі орыс тілді халықтың өмірі мен заңды мүдделеріне қауіп төніп отырған, Украинадағы жағдайдың шиеленісуі талқыланды. Осы қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісуі Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңеске мүше елдердің алаңдаушылығын туғызып отыр, оның ішінде экономикалық гуманитарлық зардаптар тұрғысынан да бар. Мемлекет басшылары тығыз байланыста болуға уағдаласты", - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.