Фото: azattyq.orgҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесіп, халықаралық мәселелерді, оның ішінде Украинадағы жағдайды талқылады.Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Австрияның бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысқан.
Кездесуде бұған қоса Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан ары көтеру, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық мәселелері талқыланған.
Дереккөз: azattyq.org
3 наурыз 2014, 15:55
В Атырау +2