2 наурыз кешкілік Қордай ауданындағы Алматы-Ташкент жолының 175-шақырымында 2 жүргізушісі мен 53 жолаушысы бар «VanHool жолаушылар автобусы Қырғызстаннан шыққан жолаушылары бар «Мерседес» шағын автобусымен соғылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан «Мерседес» автобусының жүргізушісі мен сегіз жолаушысы опат болған. Олардың кім екендігі анықталып жатыр. Сонымен бірге, түрлі жарақаттармен 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың арасында Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары бар.
Апатты жоюға облыстың ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның алты адамы; ҚР ТЖМ ЖМҚП 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды.
Дереккөз: inform.kz