Атырау, 26 желтоқсан 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жасырын жұмыс орындары

4 357 просмотра

Қазір екі қолға бір жұмыс таппай жүргендерге жүрдім‑бардым қарау фактілері Индер ауданындағы «BIAS TECH» ЖШС тарапынан кездескенін жергілікті прокуратура мәлімдеп отыр.

Аталмыш серіктестікте алпыстан астам адам жұмыс жасауда. Тексеріс барысында серіктестік басшылығы тарапынан  «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23  қаңтардағы ҚР Заңына атүсті қарау фактілері анықталған. Серіктестік заңда көзделген жергілікті адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, қызметкерлерді кәсіби даярлықтан өткізу үшін оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал ету, қаржыландыру, т. б. талаптарға мән бермеген. Мәселен, бір энергетик өз арызы бойынша жұмыстан кеткен кезде жұмыспен қамту жөніндегі мекемеге бос жұмыс орны туралы мәлімет дер кезінде берілмеген. 17 адамға бос жұмыс орны ашыла тұрса да, тек төрт адамды қызметке алған.

‑Серіктестік формальды түрде жұмыс жасаған,‑дейді Индер ауданы прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Мақсат ШАРИПОВ. – Сол себепті ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар өндірілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.