Астанада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 7,7 мың адамға 3 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
«Бірнеше жылдан бері жергілікті бюджет қаржысы есебінен 8 наурыз мерекесіне орай «Күміс алқамен» және «Алтын алқамен» марапатталған кәмелетке толмаған 4 және одан артық бірге тұратын баласы бар көп балалы аналарға, тұрақты қызмет ететін Ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшелеріне 3 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Барлығы 7,7 мың адамды қамту жоспарланған», - деп хабарлады astana.kz сайтына ведомстводан.
Еске салайық, «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес «Күміс алқа» медалі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа балалар тірі болса беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» медалімен марапатталады.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.